From Wikipedia, the free encyclopedia
Барий сульфаты - бейорганикалық қосылыс, күкірт қышқылының барий тұзы. Химиялық формуласы - BaSO4. Табиғатта барит минералы түрінде кездеседі.
Түссіз кристалдық зат. Тығыздығы 4,5 г/сm³, балқу температурасы 1580°С. Суда өте нашар ериді (18°С-да 1 мг/л).
Барийдің тұздарының (хлориді, нитраты), тотығы немесе гидрототығының күкірт қышқылымен немесе оның ерітінділерімен (мысалы, Na2SO4) әрекеттескеннің нәтижесінде:
Қойылтылған күкірт қышқылымен әрекеттескенде, нашар еритін барий сульфаты жақсы еритін барий гидросульфатына айналады:
1600 °C температурада ыдырайды:
Барий сульфаты литопон ақ бояуын алуда, қағаз, резеңке, керамика өндірістерінде ауырлатқыш ретінде, рентген сәулелерін сіңіргіш келетіндіктен, медицинада ішек-қарын жолдарын зерттеуге қолданады.
Аналитикалық химияда барий сульфатын сульфат-ионын және барий ионының гравиметриялық анализінде қолданады[1].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.